Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында төрт адам суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында төрт адам суға кетті

Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында төрт адам суға кетті

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында төрт адам суға кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Шiлде 2008
  • 434
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысы Алакөл ауданының Көктума ауылында 29 шілдеде сағат 19.00-де Алакөлге 58 жастағы ер адам; Қарағандының Октябрь ауданында 30 шілдеде сағат 14.25-те «Голубые пруды» су қоймасына 22 жастағы жігіт; Шығыс Қазақстан облысының Глубокосвкий ауданы Опытное ауылында жасанды су қоймасына 30 шілдеде сағат 09.00-де 49 жастағы ер адам; Семейде 30 шілдеде сағат 18.00-де қазаншұңқырға 47 жастағы ер адам батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті