Қазақстанның сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйақысының түсімі І жартыжылдықта 16 пайызға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйақысының түсімі І жартыжылдықта 16 пайызға өсті

Қазақстанның сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйақысының түсімі І жартыжылдықта 16 пайызға өсті

Алматы. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың І жартысының қорытындысы бойынша Қазақстанның сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйақыларының түсімдері 90,013 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға өсті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Евразия" сақтандыру компаниясы" АҚ PR және жарнама департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 31 Шiлде 2008
  • 536
Фото - Caravan.kz

«Сыйақы жинау бойынша бес көшбасшының үлесіне 55,1 пайыз тиеді. Олардың қатарында: нарықтағы үлесі 14,7 пайыз болатын «Евразия» сақтандыру компаниясы, «Виктория» сақтандыру компаниясы — 11,7%, «Альянс-Полис» сақтандыру компаниясы — 11,1%, «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы — 10,6%, «Казкоммерц-Полис» — 7%», — деп толықтырылған баспасөз-баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті