Оңтүстік Қазақстан облысында энергетика басқармасының жаңа бастығы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында энергетика басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысында энергетика басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

Шымкент. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып 38 жастағы Қуаныш Бектеміров тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Шiлде 2008
  • 448
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қ. Бектеміров физик және инженер-электрик деген екі жоғары мамандық иесі. Ағылшын тілін игерген. Бұған дейін «Астана энергосбыт» ЖШС директоры болған. 2008 жылдың маусым айында Шымкент әкімшілігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалып, енді жуырда облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығына тағайындалды.

Осы басқарманың бұрынғы бастығы Елікбай Тоқбергенов осы басқарма бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті