Оның айтуынша, шекарашылар елдімекенге таяу жерден белгісіз бір азаматтар жинап жүрген қарақурайды егетін жерді тапқан. Сол аумақты тексеру нәтижесінде оны сақтайтын орын анықталды.
Табылған қоймадан әрқайсысында 10 келіден марихуанасы бар 25 қап шықты. Оның құны жарты миллион долларды құрайды. Құпия қойма Қазақстан азаматтарына тиесілі болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті