Оңтүстік Қазақстан облысында энергиямен қамтамасыз ету саласындағы жағдай жақсарып келеді - облыстық энергетика басқармасының басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында энергиямен қамтамасыз ету саласындағы жағдай жақсарып келеді - облыстық энергетика басқармасының басшысы

Оңтүстік Қазақстан облысында энергиямен қамтамасыз ету саласындағы жағдай жақсарып келеді - облыстық энергетика басқармасының басшысы

Шымкент. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында энергиямен қамтамасыз ету саласындағы жағдай жақсарып келеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Қуаныш Бектеміров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 31 Шiлде 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Егер дүйсенбіде тапшылық 40 МВт, сейсенбіде — 26 МВт, сәрсенбіде — 13 МВт болса, бүгін жағдай толық түзелуге тиіс», — деді ол. Өңірдегі өз көздеріміз бен жақын көршілер облысты жеткілікті электр қуатымен қамтамасыз ете алады, деген пікірде ол.

«Біздің облыс орта есеппен 250 — 260 МВт тұтынады. Қазір біздің 3-ші ЖЭО шамамен 75 МВт, Шардара СЭС — 50 МВт береді. Қалған 130 — 140 МВт біз Жамбыл ГРЭС-інен сатып ала аламыз», -деді Қ. Бектеміров.

Облыстық энергетика басқармасы мамандарының пікірінше, облыста энергетикалық дағдарыстың бір жарым айға созылуына қуатпен қамтамасыз етуші ұйымдар мен электр қуатын өндірушілер арасындағы шаруашылық байланыстар мен басқарудағы осалдықта жатыр.

«Біз бірнеше күннен бері энергетиктермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Барлық жерлерге барып, ең арзан шарт жасасу қажет. Электр қуаты үшін ең жоғары баға белгіленген шартты сметаға қосып қойып, қарап отыру үшін үлкен ақылдың қажеті шамалы», -деп мәлімдеді Қ.Бектеміров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті