Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік бюджет шығындары 2008 жылдың І жартысында 1,7 трлн теңге (қайтарылған қарызды есептемегенде) болып, төлемдерді қаржыландыру жоспарына шаққанда 95,2% орындалды, соның ішінде республикалық бюджет шығындары 1,4 трлн теңге болып, жоспарға шаққанда 97,1% орындалды.
Ал мемлекеттік бюджет кірісі (сыртқы қарызды қоспағанда) 1,6 трлн теңге болып, 98,1% орындалды. Мемлекеттік бюджет кірісінің өсу қарқыны 2008 жылдың І жартысының қорытындысы бойынша 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 121,7% құрады.
«Мұндай жоғары кіріс негізінен корпоративтік кіріс салығы, кедендік төлемдер мен салықтар есебінен қамтамасыз етілді», -деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті