ENRC компаниясының мемлекеттік акциялар пакетінің бір бөлігін сатуға дайындау одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ENRC компаниясының мемлекеттік акциялар пакетінің бір бөлігін сатуға дайындау одан әрі жалғасуда

ENRC компаниясының мемлекеттік акциялар пакетінің бір бөлігін сатуға дайындау одан әрі жалғасуда

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) компаниясының мемлекеттік акциялар пакетінің компания жарғылық капиталының 0,8% көлеміндегі бір бөлігін сатуға дайындау одан әрі жалғасуда. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 31 Шiлде 2008
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Қазір компания қор биржасында листингтен өтті, енді одан әрі сауда-саттықты өткізу үшін Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес, сауда-саттықтың 1,5% көлемінде герб алымын төлеу қажет», -деді Э. Өтепов. Осыған байланысты республикалық бюджеттік комиссияның қарауына 2009 жылдың бірінші тоқсанында герб алымын төлеуге 568 млн теңге бөлу жөнінде сұраныс жасалды.

«Қазір қор нарығында қалыптасып отырған ахуалды ескеріп, сату мерзімін кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған дұрыс шығар деген ойдамыз. Кейінгі үш айда компаниялардың котировкасы 30%-ға төмендеді. Қазір акцияны сатуға емес, оны сатып алуға қолайлы уақыт», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті