ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округінде аудан орталығынан 130 шақырым жерде Қаратоғай ауылында 29 шілдеде сағат 16.30-да дала массиві өртенді. Өрт 30 шілдеде сағат 17.30-да 1560 гектар аумақтан сөндірілді.
Сондай-ақ, Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас ауылында 31 шілдеде сағат 13.09-да өнеркәсіптік нысан маңында дала массиві өртенді.
Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында Зырянов МБ, Быков орман шаруашылығында 29 шілдеде сағат 16.40-та дала массиві өртеніп, өрт аумағы 379 гектарды құрады.
Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы Ақбет ауылында 31 шілдеде сағат 17.15-те дала массиві өртенді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті