Қазақстанның азық-түлікпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 67 - 75 пайызды құрайды - "Әділет" - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның азық-түлікпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 67 - 75 пайызды құрайды - "Әділет"

Қазақстанның азық-түлікпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 67 - 75 пайызды құрайды - "Әділет"

Алматы. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның азық-түлікпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 67 - 75 пайызды құрайды. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында "Әділет" демократиялық партиясының төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Сыдықов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Тамыз 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Бұл елдің азық-түлікпен қамтамасыз етілмегендігінің белгісі. Импорты ішкі қажеттіліктің 16 пайызынан асатын елдердің азық-түлік дағдарыстарына ұшырау қаупі жоғары болып келеді», — деп атап көрсетті Т. Сыдықов.

Оның айтуынша, егер белгілі бір өнімнің импорты ішкі өндіріс көлемінің 20 пайызынан артатын болса, онда өндірістің стагнациясы жайлы айтуға болады. Егер бұл сан 60 пайызға жететін болса, онда өндіріс құлады дей беріңіз.

«Жетекші талдау агенттіктерінің болжамдары бойынша, әлемдік нарықтағы азық-түлік жетіспеушілігі 2009 жылға дейін сақталатын болады және сол кезге дейін бағаға әсер етеді», — деп сендірді «Әділет» партиясының төрағасының бірінші орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті