Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар - ТЖМ

Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар - ТЖМ

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - сынап бағанасыынң біршама көтерілуіне байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Тамыз 2008
  • 573
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, температураның аса жоғары болуына байланысты Алматы облысының тауларында 31 шілде мен 4 тамыз аралығында сел жүру қаупі бар.

Сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай және Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 — 20 метрге жетеді. Қызылорда, Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерде шаңды боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15 — 20 метрге жетеді.

Қазақстанның оңтүстік батысы мен оңтүстік шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде оңтүстіктегі, оңтүстік шығыс пен шығыста таулы өзендерде су деңгейі өзгермелі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті