Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық дәрігерлер күйдіргі жұқтыру дерегіне байланысты прокуратураға шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық дәрігерлер күйдіргі жұқтыру дерегіне байланысты прокуратураға шағым түсірді

Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық дәрігерлер күйдіргі жұқтыру дерегіне байланысты прокуратураға шағым түсірді

Шымкент. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшылығы күйдіргі жұқтыру салдарынан бір адамның қайтыс болу дерегіне байланысты прокуратураға шағым түсірді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығының орынбасары Жұмағұл Медетов хабарлады.

  • 1 Тамыз 2008
  • 530
Фото - Caravan.kz

«Біз Төле би аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшылығына прокуратураға шағым түсіру жөнінде нұсқау бердік, олар оны жүзеге асырды. Құжат бойынша ауырған малға күйдіргіге қарсы вакцина егілді деп көрсетілген, бірақ ол күдік туғызады. Тергеу аурудың жұғу себептерін айқындауға тиіс», — деді Ж. Медетов.

Оның айтуынша, күйдіргі дертін жұқтыруға байланысты бұдан бұрын да қылмыстық істер қозғалған. «Алайда, малды сойғаннан кейін оны базарда сатқан ауырған малдың иесі шартты бір жылға сотталған. Ал менің білуімше, мал дәрігерлеріне қатысты қылмыстық санкциялар болмаған, олар бірақ әкімшілік жаза ғана жүктейтін».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Алғабас ауылында 30 шілдеде сағат 18.10-да облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінен Ленгер қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 28 шілдеде күйдіргі деген диагнозбен 38 жастағы ер адамның жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ауруханадағы қарқынды емдеуге қарамастан, 30 шілдеде науқас қайтыс болды. 20 шілдеде әлгі адам малды мәжбүрлі союға қатысқан. Белгілі болғанындай, ауырған жылқының етін ауыл тұрғыны көршілеріне сатып жіберген.

«Етті барлығы 62 адамы бар 10 отбасы алған. Санитарлық дәрігерлер барлығы 259 адамды тексерді, олардың 115-і дәрі қабылдауда. Ауырған жылқыны союға тағы төрт адам қатысқан, олар қалалық ауруханада бақылауда. Олардың жағдайы орташа. Ауру белгілері жоқ», — деді Төле би ауданы әкімінің орынбасары Ерхасен Тілеубердиев.

Ауданда күйдіргінің таралуының алдын алу жөніндегі штаб пен комиссия құрылып, оған дәрігерлер, мал дәрігерлері, полиция мен әкімдік қызметкерлері енді. Комиссия тағы үш апта жұмыс істейді, өйткені күйдіргінің инкубациялық мерзімі осындай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті