«Бүгін, 1 тамызда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды 2008 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы президенттің жарлығы жария етілді»,- деді ОСК төрағасы.
Жарлықта атап көрсетілгеніндей, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2 -тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2002 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауы 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалсын деп қаулы етілген.
«Қазақстан Республикасының үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын»,- делінген жарлықта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті