«Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті сайлау құжаттары, нормативтік-құқықтық актілер мен тиісті әдістемелік материалдарды жасап, қабылдап, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жолдады», — деді Қ.Тұрғанқұлов.
ҚР ОСК басшысының хабарлауынша, 8 тамызда ОСК «сайлауды ұйымдастырушылармен семинар-кеңес өткізеді, ол алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу мәселелеріне арналады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті