«Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауы жанама сайлау құқығының негізінде өтетіндіктен, яғни, дауыс беруге сайлаушы ретінде мәслихат депутаттары қатысатындықтан, сайлау органдарының бір басты міндеті — таяу уақыттарда мәслихат депутаттарының қатарын толықтыра сайлауды қамтамасыз ету. Өйткені, кейбір округтерде түрлі себептермен депутаттардың орны бос», — деді Қ.Тұрғанқұлов.
Оның айтуынша, «бүгінгі күні Қазақстанда түрлі деңгейдегі 213 мәслихат жұмыс істейді, олардағы депутаттар корпусында 3 335 адам бар. Қазіргі жағдаймен 34 мандат иесіз».
«Тиісті округтерде кеткен депутаттардың орнына басқасын сайлау бағытында сайлау науқандары жүргізілуде. Олардың басым бөлігі тамыз айында аяқталуға тиіс, соңғы кезеңі — қыркүйектің бірінші онкүндігі», — деді ОСК төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті