ҚР Әділет министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Әділет министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады

ҚР Әділет министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың 29 шілдеде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы бойынша өткен селекторлық жиында берген тапсырмасына сәйкес ҚР Әділет министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Тамыз 2008
  • 444
Фото - Caravan.kz

Қазір Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының әділет департаменттерінің заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке иелік ету құқықтары мен халықтың құжаттарын беру мәселелері бойынша қызметіне тексерулер жүргізілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, аталған облыстардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтау мәселесі бойынша тексерулер жүргізілуде. Кешікпей осындай тексерулер жаппай жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті