Алматы қаласында Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласында Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Алматы қаласында Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұма күні Алматы қаласында Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің (ЭСК) көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Тамыз 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

ЭСК мүшелері Салық кодексінің жобасын, жаңа Бюджет кодексінің тұжырымдамасын және нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін ендіру жайын талқылады.

Сондай-ақ, 2009-2011 жылдарға арналған Экономиканы дамытуды ынталандыру саясатының негізгі бағыттары, ақшалай-кредиттік саясат мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ЭСК отырысы барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кейбір мәселелері қозғалды.

Кеңес отырысында қаралған мәселелердің қатарында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер үдерісі, сондай-ақ стресс активтері қорының тұжырымдамасы аясында рыноктағы шетел банктері бөлімшелері мен сақтандару мекемелерінің қаржылық қызмет көрсетуге қол жетімділігі жайы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті