"Даму" қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі 2008 жылы облыстың шағын және орта бизнесін қолдау үшін 1 млрд теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Даму" қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі 2008 жылы облыстың шағын және орта бизнесін қолдау үшін 1 млрд теңге бөлді

"Даму" қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі 2008 жылы облыстың шағын және орта бизнесін қолдау үшін 1 млрд теңге бөлді

Қызылорда. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ өңірлік бөлімшесі мен Қызылорда облысының әкімдігі 2008 жылы облыстың шағын және орта бизнесін қолдау үшін 1 млрд теңге бөлді. Бұл туралы жұма күні кәсіпкерлік және өнерксіп басқармасының бастығы Талғат Матаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық телеарнаға сілтеме жасай отырып.

  • 4 Тамыз 2008
  • 451
Фото - Caravan.kz

Т. Матаевтың түсіндіруінше, жыл басында жергілікті бюджет кәсіпкерлікті қолдау үшін 150 млн теңге бөлген. Қосымша қаржыландыру талаптары бойынша Кәсіпкерлікті қолдау қоры да осынша қаражат ұсынды. «Нәтижесінде 300 млн теңге екінші деңгейдегі банктерге аударылды», — деп атап көрсетті ол.

«Арал өңірінің басымдыққа ие салаларын дамытуға Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов қосымша тағы 350 млн теңге бөлді. Қосымша қаржыландыру талаптары бойынша Кәсіпкерлікті қолдау қоры да осынша қаражат ұсынды», — деп хабарлады кәсіпкерлік және өнерксіп басқармасының бастығы.

Осылайша, шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру үшін екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы облыстық бюджет және «Кәсіпкерлікті қолдау қоры» 1 млрд теңге көлеміндегі қаражат бөлді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті