Қызылорда облысында болған жол көлік оқиғасының салдарынан 3 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында болған жол көлік оқиғасының салдарынан 3 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды

Қызылорда облысында болған жол көлік оқиғасының салдарынан 3 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында болған жол көлік оқиғасының салдарынан 3 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Тамыз 2008
  • 527
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында Шымкент — Самара тас жолының 309 шақырымында Сунақ ата елді мекенінің жанында 1 тамыз күні 08.00-де «Опель», КамАЗ және «МАН» көліктері бір-бірімен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасының нәтижесінде «Опель» көлігінің жолаушысы 34 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушілер — 35, 24 және 34 жастағы ер адамдар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті