Алматы қаласының әкімі өз пәтерлерін ала алмаған үлескерлер үшін ипотекалық несие төлеу мерзімін кейінге шегеруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі өз пәтерлерін ала алмаған үлескерлер үшін ипотекалық несие төлеу мерзімін кейінге шегеруді ұсынды

Алматы қаласының әкімі өз пәтерлерін ала алмаған үлескерлер үшін ипотекалық несие төлеу мерзімін кейінге шегеруді ұсынды

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі өз пәтерлерін ала алмаған үлескерлер үшін ипотекалық несие төлеу мерзімін кейінге шегеруді өтінді. Бұл туралы ол Алматы қаласының үлескерлерінің қатысуымен салына бастаған тұрғын үй құрылысының жағдайы жөніндегі кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Екінші деңгейдегі банктердің несиелері есебінен өз қаражаттарын үлестік құрылысқа салған үлескерлердің бір бөлігі өз пәтерлерін ала алмаса да, несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені төлеп отыр. Біз Қаржылық бақылау агенттігі мен екінші деңгейдегі банктердің басшылығынан осындай үлескерлердің несиені төлеу мерзімінің басталуы мен аяқталу мерзімін ары қарай жылжыту мүмкіндігін қарастыруды өтінеміз. Олар соншалықты көп те емес», — деді А. Есімов.

Сонымен қатар, ол Алматыдағы электр қуатының, жылудың, судың жетіспеушілігі мәселесін шешу қажеттігі жөнінде мәлімдеме жасады. «Кейбір нысандар тиісті техникалық жағдайлары болмаса да салынды. Сондықтан, біз қазіргі таңда жетспеушілікті тартып отырмыз. Біздің есептеулеріміз бойынша, осы қуат жетіспеушілігін жабу үшін 3 жыл көлемінде қаланың инфрақұрылымына әртүрлі көздерден 50 млрд теңгеден кем емес қаражат салу керек», — деп мәлімдеді әкім ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке арнаған сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті