Шығыс Қазақстан облысында далалық өрт салдарынан 600 адам көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында далалық өрт салдарынан 600 адам көшірілді

Шығыс Қазақстан облысында далалық өрт салдарынан 600 адам көшірілді

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында далалық өрт салдарынан 600 адам көшірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Тамыз 2008
  • 405
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Асу бұлақ орман шаруашылығына қарасты Белогорск орман қорығында 2 тамызда сағат 14.30-да 400 гектар аумақта далалық өрт шықты, оның 50 гектары таулы аумақтағы орман массиві. Сол маңайдан 600 адам көшірілді.

4 тамыз күнгі сағат 06.00-дағы жағдаймен өрт 1000 гектар аумақты шарпыды, оның 110 гектары орманды массив. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 98 адамы мен 14 техникасы, барлығы 211 адам мен 28 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті