Республикада бір аптада 144 есірткі қылмыстары анықталған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикада бір аптада 144 есірткі қылмыстары анықталған

Республикада бір аптада 144 есірткі қылмыстары анықталған

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Республикада бір аптада 144 есірткі қылмыстары анықталған. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ақпараттық орталығының жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 444
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оның 52-сі есірткі өткізу фактісі бойынша жасалған.

«26 шілдеде Қарағанды облысы, Бұхар Жырау ауданы, Курминка ауылында полиция қызметкерлері бір азаматты ұстап, оның «ВАЗ-2102» көлігінен 372 кг марихуана анықтап тәркілеген. 28 шілдеде Павлодар қаласындағы «Рубеж» бекетінде ІІД-нің ЖПБ қызметкерлері «Урал» мотоциклін тоқтатып, оның иесінен 1 кг 908 грамм героин тәркілеген. 29 шілдеде Шымкент қаласында Шымкент станциясындағы ЖІІб қызметкерлері бір әйелді ұстап, оның пәтерінен 117 грамм героин анықтаған»,- деді Б.Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті