«Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бұл мәселені тікелей өз бақылауларына алып, 1 қазанға дейін мәселені шешуге тиіс», — деді Кәрім Мәсімов.
Ол сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын айрықша бақылауға алуды тапсырды. «Егер қандайбір ауданның аумағында проблема туындай қалса, мен облыс әкімдеріне осы ауданның әкімін бірден жұмыстан шығаруды тапсырамын», -деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғановтың мәлімдеуінше, «биыл жөндеу жұмыстарының көлемі өткен жылғымен салыстырғанда біршама жоғары. Биыл 9 энергоблокқа, 70 талдамалық қазандыққа, 54 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Яғни, бұл сан қазандықтар бойынша 18%, турбиналар бойынша 27-28% артық. Электр және жылу желілері де үлкен көлемде жөнделуге тиіс», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті