Ресей Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысын қаржыландыруды кейінге шегерді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысын қаржыландыруды кейінге шегерді

Ресей Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысын қаржыландыруды кейінге шегерді

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресей электр қуатын реформалауға байланысты Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысын қаржыландыруды кейінге шегерді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында "Самұрық" мемлекеттік холдингінің басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 348
Фото - Caravan.kz

«Ресейде электр қуатының реформасының жүргізілуі проблема болып отыр. Осы реформаға байланысты, өкінішке орай, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогын қосымша қаржыландыру бойынша екінші акционердің жауабы кешіктірілуде», — деді Қ. Бозымбаев.

Бұл ретте ол жақын арада келіссөздер арқылы бұл мәселені шешетінімізге үміт білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті