ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Сарқанд ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 462-ші шақырымында 4 тамызда сағат 21.44-те автобустың 37 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті.
Апат салдарынан 21 және 29 жастағы екі жаяу жүргінші оқиға орнында жан тапсырды.
Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы-ташкент тас жолының 170-ші шақырымында 4 тамызда сағат 10.50-де «Сетра» жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, аударып алды.
Апат салдарынан автобуста отырған 54 адамнан 9 адам зардап шекті, олардың біреуі- жас шамасындағы бала қазір ауыр жағдайда. Қалғандарының жағдайы орташа.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Шымкент-Самара тас жолының 605-ші шақырымында 4 тамызда сағат 12.10-да «Фольксваген Пассат» көлігінің 32 жастағы жолаушысы көлігін аударып алды.
Апат салдарынан жүргізуші мен оның жолаушылары — 21 жастағы қыз, 12 жасар жасөспірім мен 9 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті