Қырғызстанда журналист пен оның әйелін өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда журналист пен оның әйелін өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Қырғызстанда журналист пен оның әйелін өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Бішкек. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда журналист пен оның әйелін өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Аламедин аудандық сотына сілтеме жасай отырып.

  • 5 Тамыз 2008
  • 391
Фото - Caravan.kz

Шу облысының Аламедин аудандық сотынан хабарлағандай, мұндай үкім «Вечерний Бишкек» газетінің тілшісі Арий Александров пен оның әйелі Ангелинаны өлтірген 23 жастағы Ринат Қазақбаевқа шығарылған.

Қылмыс 7 наурыз күні кешкісін жасалған. Р. Қазақбаев Александровтарды Бішкек қаласының дәмханаларының бірінде өтіп жатқан корпоративті кештен шақырған. Александровтармен жақсы таныс болғандықтан оларды қала маңындағы үйге шақырып алып кезекпен өлтірген. Сосын оларды жерге көміп, үстінен бетон құйып тастаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті