Бішкекте АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Бішкекте АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Бішкек. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте АҚШ азаматтарынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Тамыз 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

ІІМ мәліметінше, «Арсенал» атты шұғыл алдын алу шарасының барысында «Ынтымақ» атты жаңа аудандағы Женіш көшесіндегі 66 жастағы Б. Утировқа тиесілі, АҚШ азаматтары жалдап тұратын үйден заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

Үйде АҚШ елшілігінде істейтін, дипломатиялық иммунитеті бар бірнеше қызметкері, Қырғызстандағы бір күш құрылымының арнаулы бөлімшелерінің қызметкерлеріне арнап тренинг өткізуге келген АҚШ-тың 10 әскери қызметкері болған. Қазір бұл адамдардың аты-жөні анықталуда. Бішкек прокуратурасы тексеру жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті