«Делегацияның үш күндік сапары барысында Қырғызстанның жоғарғы басшылығымен екі жақты байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады. Бүгін олар Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездеседі», -деп хабарлайды елшілік.
Сенаторлар АҚШ-тың Қырғызстанға көмек көрсету бағдарламаларымен танысып, Бейбітшілік корпусының еріктілерімен кездесіп, «Манас» әуе базасын аралайды. Делегация құрамында сенатор Джеф Бингеман, сенатор Билл Нельсон, сенатор Джонни Исаксон мен сенатор Роберт Менендес бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті