Алматы полициясы қаладағы бір ірі фирманың күзетшісін өлтіру қылмысын әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы қаладағы бір ірі фирманың күзетшісін өлтіру қылмысын әшкереледі

Алматы полициясы қаладағы бір ірі фирманың күзетшісін өлтіру қылмысын әшкереледі

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полициясы қаладағы бір ірі фирманың күзетшісін өлтіру қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Тамыз 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс шілде айының ортасында жасалған. Таңертең ерте жұмыс орындарына келген компания қызметкерлері 56 жастағы күзетшіні өліп жатқан жерінен күзетшінің бөлмесінен тапқан.

Фирма басшылығы 150 млн теңгенің өнімі қолды болғанын анықтаған.

Сөйтіп мұқият іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мыс және түсті металл қалдықтарын тапсыру орнына тоналған өнімді өткізгелі келген жерінен әлгі қаза тапқан күзетшінің екі танысы ұсталып, олардан ұрланған өнімдер тәркіленді.Олар өздерімен сыбайлас болуға келіспеген күзетшіні буындырып өлтіргенін айтқан.

Қазір қолды болған металл иесіне қайтарылып, бұрын істі болған екі күдікті тергеу абақтысында отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті