Алматыда 26 жастағы қыз жеңгетайлық жасады деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 26 жастағы қыз жеңгетайлық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматыда 26 жастағы қыз жеңгетайлық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 26 жастағы қыз жеңгетайлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Тамыз 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы ақпарат бір айдан астам уақыт бұрын белгілі болған. Ол клитенттеріне қызмет көрсететін қыздармен бірге баспана да тауып берген.

«Біздің бір қызметкер клиент кейпінде күдіктінің көмегіне жүгінді. Қыз бірден көмек көрсетуге келіскен. Ол өзінің «қарамағындағы» барлық қыздарды тізбелеп шығып, клиентке баспана тауып беруге де дайын екенін жеткізген. Біз оны клиенттен ақша алып жатқан сәтте ұстадық. Ақша алдын-ала таңбаланған болатын», — деді Алматы қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының адам саудасымен күрес бөлімінің бастығы Бейсен Айылшиев.

Оның айтуынша, күдікті клиентке Алматы облысының 20 жастағы тұрғын қызын ұсынған. Кейін белгілі болғанындай, ол жезекшелікпен мәжбүрлеу салдарынан айналысып жүрген.

Қазір тәртіп сақшылары ұсталған күдікті қыздың алыс және жақын шетелдерден қыздарды әкелу қылмыстарына қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр, ол өзінің қылмысын мойындап отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті