Ұлыбританияның телекоммуникациялық Inmarsat 4F3 жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру мерзімі осы аптада анықталады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыру мерзімі тасығыштағы электротехникалық жабдықтарды қосымша сынақтан өткізу қажеттігіне байланысты кейінге шегерілген.
«Байқоңырда ұшырылым алдындағы сынақтарды өткізген кезде «Бриз-М» үдеткіш блогының бортындағы есептегіш кешеннің ақаулары анықталған. Өндірістік кооперациядан әкелінетін есептеу кешені өткен демалыс күндері алмастырылды», — деп хабарлайды орталық.
Қазір М.Хруничев атындағы орталық мамандары жаңа кешенді тексеріп жатыр. «Ұшырылым бірнеше күнге шегеріледі, ұшырылым күні ағымдағы аптада сынақтар аяқталған соң жария етіледі», — деп хабарлайды М.Хруничев атындағы орталықтағылар.
Салмағы 6 тоннаға жуық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының базасында ғаламдық ұялы байланыс жүйесінің халықаралық аса ірі операторларының бірі Inmarsat (Ұлыбритания) тапсырысымен жасалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті