ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірі сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірі сотталды

ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірі сотталды

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірі сотталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Тамыз 2008
  • 574
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Талдықорған гарнизонының әскери соты ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірін ҚР ҚК 176-шы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе талан-таражға салу) және 314-ші (қызметтік жалғандық) баптарында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен, 3 жыл мерзімге әкімшілік және шаруашылық іс-қимылмен байланысты мемлекеттік қызметке лауазымға тұру құқынан айырумен 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлімше командиріне қатысты қылмыстық іс ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау органдарының оның 1,5 млн. теңгеден астам сеніп тапсырылған материалдық қаражатты талан-таражға салу дерегі бойынша материалдары негізінде қозғалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті