Душанбеге Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры келді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеге Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры келді

Душанбеге Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры келді

Душанбе. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Алексей Бортников бүгін таңертең жұмыс сапарымен Душанбеге келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 6 Тамыз 2008
  • 377
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түске дейін А. Бортников Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездеседі.

Кездесу барысында Тәжікстан мен Ресейдің арнаулы қызметтерінің халықаралық лаңкестік, заңсыз есірткі айналымы мен заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланады.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Хайриддин Абдурахимовпен де жүздеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті