Қазақстан да Ресей секілді Монғолиядағы қазіргі саяси режимнің тұрақтылығына мүдделі - РБК daily - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан да Ресей секілді Монғолиядағы қазіргі саяси режимнің тұрақтылығына мүдделі - РБК daily

Қазақстан да Ресей секілді Монғолиядағы қазіргі саяси режимнің тұрақтылығына мүдделі - РБК daily

Алматы. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан да Ресей секілді Монғолиядағы қазіргі саяси режимнің тұрақтылығына мүдделі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі РБК daily атты күнделікті іскерлік газетке сілтеме жасай отырып.

  • 6 Тамыз 2008
  • 732
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6-7 тамызда Монғолияға ресми сапармен барады. Оны кездейсоқ деп есептеу қиын. Жақында Монғолия астанасын тәртіпсіздіктер сілкінтті. Елде «қызғылт сары төңкеріс» әрекеті жасалды. Қазіргі уақытта жағдай азды-көпті тұрақтанғанымен, ішкі саяси жағдай елде дағдарысты қалпында қалып отыр», — деп жазады басылым.

РБК daily хабарлауынша, сапар барысында әртүрлі салалардағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою, перспективалы экономикалық жобаларды талқылау үшін екі елдің іскерлік орталарының өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу, сондай-ақ, Н. Назарбаевтың қазақ ұлтының өкілдері қоныстанған аудандарға баруы жоспарланған. «Сонымен бірге, мемлекеттік қайраткерлердің Монғолияның ішкі жағдайының мәселелерінен сырт қала алмайтыны белгілі. Монғолияның Қазақстанмен тікелей шекарасы болмаса да, ол мемлекет Қазақстанға жақын өңірлердің бірі болып табылады», — деп жазылған мақалада.

«Қазақстан Ресей секілді Монғолиядағы қазіргі саяси режимнің тұрақты болуына мүдделі және өңірдегі жағдайды тербелтуге бағытталған «қызғылт сары» үрдістерге қарсы тұруды көздейді. Монғолияның билік жүргізуші элитасының АҚШ-қа бүйрек бұруы және Сібірдің жанынан жаңа АҚШ базаларының бой көтеруі Ресейге де, Қытайға да, Қазақстанға да қажет емес», — деп атап көрсеткен басылым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті