Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдері Ауғанстанға мұнай жеткізуді тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдері Ауғанстанға мұнай жеткізуді тоқтатты

Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдері Ауғанстанға мұнай жеткізуді тоқтатты

Алматы. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресей, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің Ауғанстанға мұнай тасымалын тоқтатуы елде мұнай өнімдерінің бағасының күрт көтерілуіне алып келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Ауғанстан. ру" ақпараттық ресурсына сілтеме жасай отырып.

  • 6 Тамыз 2008
  • 421
Фото - Caravan.kz

Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, елге тасымалданатын барлық мұнайдың 70 пайызы осы аталған үш мемлекеттің үлесіне тиеді екен.

Хабарламада көрсетілгендей, тасымалды тоқтатудың себебі ретінде егін жинау маусымының басталуы көрсетілген. Ол ішкі нарықта сұранысты шұғыл арттырған. Министрлік соған қарамастан қыркүйек айында Ресей, Қазақстан мен Өзбекстаннан мұнай бұрынғы деңгейде тасымалдануы мүмкін деп үміттеніп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті