Ыстықкөлде 19 пансионат уақытша жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлде 19 пансионат уақытша жабылды

Ыстықкөлде 19 пансионат уақытша жабылды

Бішкек. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ыстықкөлінде 19 пансионат уақытша жабылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қырғызстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттігінің ерекше қорғалатын табиғи ааумақтар бөлімінің бастығы Калычбек Жундубаев хабарлады.

  • 6 Тамыз 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл пансионаттардың барлығы да қарапайым экологиялық талаптарға сай келмейді. Тазалау қондырғыларын орнату бойынша ереже сақталмаған. «Қазір пансионаттарды жергілікті органдар бақылайды. Сондықтан, бақылау күшейтілді», — деп атап көрсетті ол.

Ыстықкөлде қазіргі таңда 151 пансионат жұмыс істеп тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті