Алматыға қазіргі су ресурстары да жетеді - Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға қазіргі су ресурстары да жетеді - Есімов

Алматыға қазіргі су ресурстары да жетеді - Есімов

Алматы. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Рационалды пайдаланған жағдайда Алматы қаласына қазіргі су ресурстары да жетеді. Бұл туралы кеше Алматыны сумен жабдықтау жағдайы және "Су арнасы" МҚК дамыту мәселесі бойынша өткен кеңесте Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Тамыз 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 1980 жылдан бері қала 5 есеге ұлғайған. Ал су деңгейі сол көлемде қалды. Біз есептегіш құралдарды пайдалана бастадық және бұдан да гөрі тиімді пайдалану үшін бағаны қайта қарастырамыз. Алайда, деректер қазіргі су көлемі де жеткілікті екенін көрсетіп отыр. тек сумен жабдықтау жүйесін тәртіпке келтіру қажет. Сонда қала тәулігіне қосымша 210 мың текше метр су ала алады», — деді А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті