Екі аптаның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін тексеру қажет - Балиева - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі аптаның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін тексеру қажет - Балиева

Екі аптаның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін тексеру қажет - Балиева

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Екі аптаның ішінде мемлекеттік қызметті дер кезінде және сапалы ұсынулары бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне тексеру жүргізу қажет. Бұл туралы "бір терезе" қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жақсарту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының барысында комиссия төрайымы, ҚР әділет министрі Зағипа Балиева мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Тамыз 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Екі аптаның ішінде мемлекеттік қызметтерді дер кезінде және сапалы ұсынуы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне тексеру жүргізу қажет», — деді З. Балиева. «Сондай-ақ, қызметті көрсету процесінде әкімшілік кедергілерді жойып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстарды жасап шығаруға тиіспіз», — деп толықтырды ол.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенер болсақ, Әділет министрлігі 20 тамызға дейін қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып шаралар кешені іске асырылады. «Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу және онымен мәміле жасау, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне түскен шағымдарды тексеру, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділік деңгейін анықтау бойынша заңды тұлғалар арасында сауалнама жүргізу керек», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Комиссия 2008 жылдың 27 шілдесінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жөніндегі үкіметтің селекторлық жиналысында жариялаған ҚР премьер-министрінің тапсырмасы бойынша құрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті