Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «2008 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы ішкі өнімнің өндірісі өткен жылдың қаңтар- маусым айларымен салыстырғанда 5,1%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің индексі 3,8%-ға өсті».
«Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4,2%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 12,4%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 10,7%-ға өсті».
Инфляция деңгейі 2008 жылдың қаңтар-шілде айларында 2007 жылғы желтоқсанға қарағанда 6,6% құрады, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,1 проценттік пунктке жоғары (5,5%).
«2008 жылдың қаңтар- маусым айларында бір қызметкердің айлық орташа номиналдық жалақысы 56 686 теңге болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17,3%-ға өссе, нақты көрсеткішпен 1,4%-ға төмендеді», -делінген хабарламада. .
Екінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 6,6% ( 2007 жылдың екінші тоқсанында — 7,3%) болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті