Исламабадта "Орталық Азия - Оңтүстік Азия-1000" атты электр жалғастыру желісін салу жөніндегі үкіметаралық жобаға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Исламабадта "Орталық Азия - Оңтүстік Азия-1000" атты электр жалғастыру желісін салу жөніндегі үкіметаралық жобаға қол қойылды

Исламабадта "Орталық Азия - Оңтүстік Азия-1000" атты электр жалғастыру желісін салу жөніндегі үкіметаралық жобаға қол қойылды

Алматы. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Орталық Азия - Оңтүстік Азия-1000" атты электр жалғастыру желісін салу және Орталық және Оңтүстік Азиялық электр энергетикасы нарығын одан әрі дамыту жөніндегі үкіметаралық келісімге Исламабадта Орталық және Оңтүстік Азиялық электр энергетикасы нарығы (CASAREM) жобаларына қатысушылардың төртінші конференциясы барысында қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 6 Тамыз 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бұл құжатқа Пәкістанынң энергетика министрі, Ауғанстанның энергетика және су ресурстары министрі, қырғыз Республикасының өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі, Тәжікстанның инвестициялар және мемлектетік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы қол қойды.

2007 жылдың қараша айында Кабул қаласында өткен 3-ші CASAREM конференциясында, Ауғанстан, Қырғызстан, Пәкістан мен Тәжікстан Орталық және Оңтүстік Азияның арасында құны 500 млн доллардың электрэнергетикалық байланысын құру мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Бұл келісімде Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғанстан арқылы Пәкістанға тоқ беру үшін электрэнергктикалық байланыстар орнату қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті