ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар туралы заңға бәсекелестікке жағдай жасауға мүмкіндік беретін өзгерістерді дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар туралы заңға бәсекелестікке жағдай жасауға мүмкіндік беретін өзгерістерді дайындады

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар туралы заңға бәсекелестікке жағдай жасауға мүмкіндік беретін өзгерістерді дайындады

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар туралы заңға бәсекелестікке жағдай жасауға мүмкіндік беретін өзгерістерді дайындады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен кеңейтілген отырыста ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Тамыз 2008
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік сатып алу саласында бәсекелестікке жағдай жасауға және мемлекеттік сатып алуларды ақпараттық жүйелер мен электронды құжат айналымы арқылы жүзеге асыруға көшуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудағы әкімшілік кедергілерді азайтуға жол ашады», — деді Б. Жәмішев.

Қаржы министрінің айтуынша, мемлекетттік сатып алуды жүзеге асыруда байқауға қатысуға беретін өтініш құжаттардың санын қазіргі 17-ден 12-ге дейін азайтып, осы 12-сі бойынша нақты критерийлер белгілеу ұсынылып отыр.

«Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қарастырылған заңнама талаптарының сақталуына қойылатын бақылауды және оларды бұзғаны үшін қолданылатын санкцияларды күшейту қажет», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті