ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану жөніндегі жаңа заңның жобасын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану жөніндегі жаңа заңның жобасын жасады

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану жөніндегі жаңа заңның жобасын жасады

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану жөніндегі жаңа заңның жобасын жасады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен кеңейтілген отырыста ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Тамыз 2008
  • 945
Фото - Caravan.kz

«Келісім-шарттарын бұзуға байланысты жұмыстар жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін заңдық тұрғыда қамтамасыз етудегі айтарлықтай кемшіліктердің бетін ашып берді. Осы мақсатпен ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану жөніндегі жаңа заңның жобасын министрліктер мен мекемелердің қарауына ұсынды», — деді С. Мыңбаев. «Бұған дейін қолданылып келген «Мұнай туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңдар мен Өзара өнім бөлісу туралы келісім күшін жояды»,- деді ол.

Мекеме басшысы жаңа заң жобасының өзекті тұстарын таныстырды. «Барлау мен өндіруге біріктірілген шарт жасалмайды. Барлау мен өндіру дербес шартпен жасалады, оларды қалай іске асыру процедурасы айқын көрсетіледі», — деді С. Мыңбев.

Байқауларды өткізу процедурасы да өзгертіледі. «Жеңімпаздар бонустар мен әлеуметтік аударымдарының негізінде ғана анықталады. Басқа қалған барлық позициялар ең төменгі талаптармен міндетті түрде орындалуға тиіс».

«Сатып алу бойынша мемлекеттің артықша құқығын жүзеге асыру тәртіптері регламенттелді, барлық комиссиялардың қызметі заң деңгейінде регламенттелді, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізуге қажетті жобалық құжаттардың толық тізімі, және олардың келісім-шарт пен жұмыс бағдарламасына қатысты арақатынасы бойынша толық тізім берілген».

Сонымен бірге, С. Мыңбаев бұрындары қол қойылған келісім-шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуына қарқынды санақ жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Соның нәтижесі бойынша жылдың бірінші жартысында 20 шарт бұзылды», — деді ол.

С. Мыңбаев бұған қоса өткен жылдың қарашасы мен желтоқсан айларында жер қойнауын пайдалануға қатысты 84 шарттың бұзылғанын еске салды. Олардың басым бөлігі бойынша қазір сот талқысы жүргізіліп жатыр. «Бірақ, жалпы алғанда, осындай шаралардың нәтижесінде лизенциялық және келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуы біршама жақсара түскенін айта кеткім келеді», -деді С.Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті