ҚР премьер-министрі Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Әділет министрлігінің алдына жер және құқықтық кадастрларды біріктіру міндетін қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Әділет министрлігінің алдына жер және құқықтық кадастрларды біріктіру міндетін қойды

ҚР премьер-министрі Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Әділет министрлігінің алдына жер және құқықтық кадастрларды біріктіру міндетін қойды

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Әділет министрлігінің алдына жер және құқықтық кадастрларды біріктіру міндетін қойды. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Тамыз 2008
  • 598
Фото - Caravan.kz

«Жер кадастрын толығымен қарастыру керек. Ол бізде пайда болған кезде оны құқықтық кадастрмен біріктіру қажет», — деді К. Мәсімов экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов пен әділет министрі Зағипа Балиеваға арнаған сөзінде.

«Мүмкін, болашақта бізде бәрін біріктіретін мүліктің жалғыз салығы болар», — деді премьер. «Әрине, мұны қазіргі Салық кодексінде де істей салса болар еді. Алайда, техникалық жағынан ол мүмкін емес. Сондықтан, осындай тапсырма жүктеліп отыр», — деді сөз соңында ҚР премьер-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті