Астана қаласының қаржы полициясы қара металл тиелген көлікті қамауға алды
Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Елорданың Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде қара металл тиелген екі жүк көлігін қамауға алды. Бұл туралы сенбк күнгі баспасөз мәслихатының барысында Астана қалалық Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.