ТЖМ мәліметінше, Ақтоғай — Жарық тас жолының 328-шақырымында (Шет ауданы ) 12 тамызда сағат 06.00-де «Тойота» көлігінің жүргізушісі, 52 жастағы ҚХР азаматы көлігін аударып алды.
Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы, 64 жастағы ҚХР азаматы жарақаттан ауруханада көз жұмды; екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, Қарағанды — Теміртау тас жолында (Бұхар Жырау ауданы) бұрынғы жол полициясы басқармасының постысының жанында 12 тамызда сағат 17.00-де «Ауди», «Мазда» және «БМВ» көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан «Ауди» жүргізушісі, 29 жастағы ер адам мен «Мазда» көлігінде отырған 23 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды; «Ауди» жолаушысы ауруханада қайтыс болды; «Мазда» жүргізушісі, 22 жастағы жігіт пен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті