«Бәсекелестік туралы» заманауи заң қабылдау қажеттігі, бірінші кезекте, ел экономикасында бәсекелі ортаның дамуына қолайлы жағдайлар жасала бастағанына қарамастан, бәсекелестік дамымаған әрі жоғары деңгейде шоғырланған тауар рыноктарының әлі де аз болмауына тікелей байланысты», — деді М. Есенбаев.
Оның мәліметінше, қазір Қазақстанда «табиғи және мемлекеттік монополияның сыртында мыңға жуық доминант бар». «Осындай доминанттар саны жыл санап көбейе түсуде: егер 2005 жылы олар 844 болса, 2006-жылы — 877, ал былтыр осындай нарық субьектілерінің саны 927 болды», — деді агенттік төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті