Кездесу барысында қазақстан-куба екіжақты сауда- экономикалық қарым- қатынастарының даму перспективалары мен қазіргі жағдайы, сондай-ақ, денсаулық сақтау және спорт салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Премьер-министр дипломатиялық өкілеттігі аяқталып жатқан Тересита Камачоға Қазақстан мен Куба арасындағы байланыстардың дамуына үлес қосқаны үшін ризашылығын жеткізді.
Өз кезегінде Т.Камачо екіжақты қатынастарды дамыту ісіндегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін премьер-министрге алғысын айтты.
Кездесу соңында тараптар экономикалық және мәдени- гуманитарлық салалар бойынша Қазақстан мен Куба арасындағы байланыстардың әрі қарай тереңдей түсетініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті