18-19 тамызға созылатын кездесуге жиырмадан астам елдердің жоғары лауазымды өкілдері қатысуда.
Кездесу барысында қатысушылар Диалог шеңберіндегі болашақ ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді қарастырмақ.
Қазақстанға ерекше қатысы бар мәселелердің қатарына 2008 жылдың 16 қазанында Астана қаласында өтетін Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің 7-ші кездесуін өткізу кіреді.
Министрлер кеңесінің мәжілісін өткізгеннен кейін 30 елдің басын қосып отырған Азиядағы ынтымақтастық диалогына Қазақстан төрағалық етеді деп күтілуде.
Қазіргі уақытта АЫД-да 20 әр-түрлі бағыттағы ынтымақтастық салаларын қамтиды. Қазақстан көлік, энергетика және ауыл шаруышылық саласындағы ынтымақтастықтың тең бағдарлаушысы бола отырып, осы салаларды өзінің АЫД-ға төрағалығы барысында белсенді дамытуды жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті