Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сарыағаш өңірі бойынша ауданаралық қаржы полициясына арыз айта келген бір әйел Сарыағаш қаласының бұрынғы әкімі оны үйінен қуып шығарып, оған қарасты жер телімін өз туыстарына бергенін айтқан.
«Сарыағаш қаласының әкімі болып тұрған кезде 2007 жылдың қаңтар айында ол өзінің лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны анықталды: өзімен басқа да туыстарының пайдасына орай осы жер телімін үшке бөліп, қызына, келіні мен күйеу баласына 10 соттықтан жер берген», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша (билігі мен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті