Қызылордадағы автотасымалдаушылар жолақысын көтеруді талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордадағы автотасымалдаушылар жолақысын көтеруді талап етуде

Қызылордадағы автотасымалдаушылар жолақысын көтеруді талап етуде

Қызылорда. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордадағы автотасымалдаушылар қоғамдық көліктердегі жолақысын көтеруді тағы да талап етуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Тамыз 2008
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Көлік қызметі» ҚКК директоры Аббат Әбдірахмановтың айтуынша, «тасымалдаушылар жолақысын көтеру жөніндегі талаппен жаз бойы осымен екінші рет әкімшілікке жүгініп отыр «. Жүргізушілердің мамыр айындағы бір күндік рұқсатсыз ереуілінен кейін күржелі ахуалдан бағаны 5 теңгеге көтеру арқылы шыққан болатын.

Кеше қалалық әкімдікте өткен кездесуде тасымалдаушы компаниялардың өкілдері жол жүру ақысын автобустарда 40 теңге, бағытты таксилерде 50 теңге көлемінде белгілеуді талап етті. Балалардың жолақысын да автобустарда 10 теңгеге дейін, бағытты таксилерде 10-нан 20 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныс айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті