Аталған заң жобасының тұжырымдамалық негіздері туралы Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Алдабергенов баяндама жасады.
Заң жобасы бойынша еліміздегі 9 заңнамалық актіге өзгеріс енгізу көзделген.
Заң жобасының мақсаты тәуелсіз салалық реттеуіштердің қазақстандық моделін қалыптастыру және жетілдіру, салалық реттеуіштердің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық жағдай жасау болып табылады.
Заң жобасында «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңын энергия өндіретін ұйымдар үшін шекті және инвестициялық тарифтер бекіту тәртібін регламеттейтін нормалармен толықтыру, сондай-ақ энергия өндіретін ұйымдардың бекітілген тарифтерді қолдану (асып кетпеу) міндеті көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті